Шу аудандық әскери комиссариатта өңір тұрғындарымен, қызметкерлермен діни жүздесу өтті.
"Асайын Кәлпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйымдастыруымен жасалған шарада жастарды Отан қорғауға шақыру мәселесі тілге тиек болды.
Исламдағы отанға деген махаббат, оны қорғау, әскери қызметті өтеудің маңыздылығын атап өткен имам көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


10 Тамыз 2026
25 Сафар 1448

