ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Нұр Мүбарак" Египет ислам мәдениеті унивеситетінде білім алуға Жамбыл өңірінен барған студенттермен жүздесті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Нұр Мүбарак" Египет ислам мәдениеті унивеситетінде білім алуға Жамбыл өңірінен барған студенттермен жүздесті.
Аталған "Тазалық - иманның жартысы" хадисін ұрандатып бүгін Жамбыл облысының әр өңірінде сенбілік жұмыстары жасалды. Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің қызметкерлері мен медресе-колледж шәкірттері бірлесе мешіт-медресенің айналасын тазартты.
Қордай аудандық "УАҚЫП" қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен "Жомарт кәсіпкер" іс-шарасы өтті. Қайырымдылық науқаны аясында бірнеше ауылда тұрғындарға көмек көрсетілді.
Зекет – асыл дініміздің негізгі бес парызының бірі. Зекет тілдік тұрғыда:тазару, өсу, өну, арту және береке деген ұғымды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп – нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.
Тазалық иманның жартысы. Исламда тазалыққа баса мән берілген. Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастауымен ауданға қарасты барлық мешіт айналасы тазартылып, сенбілік ұйымдастырылды.
Меркі ауданын мекен еткен 30 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.