Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық округіне қарасты «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің имамы Асхат Аманжолұлының және мешіт жанашырларының демеушілігімен мешіт ауласында сенбілік жасалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қадір түні – Рамазан айының ішіне жасырылған ең абзал, мың айдан да артық, күнәлар кешірілетін, дұғалар қабыл болатын түн. Құран Кәрім осы түні түсе бастаған.
Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінің рухани салмағы орасан зор екені көпшілікке аян. Әйтседе, қалың бұқара қасиетті кешті ерекше ілтипат көрсетіп, ұлықтағанымен, Қадір түнінің тарихы мен мән-мағынасына терең үңіле бермейді. Алла Тағаланың кәләмі Құран Кәрімде қасиетті кеш хақында «Қадір» сүресінің бар екені белгілі.
Қордай аудандық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Рамазан - мейірім айы" атты рухани кеш өтті.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді шариғатымыз. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Қордай аудандық мешітінде өткізілген Қадір кешінде таң намазына таяу уақытта "Алланың 99 көркем есімі" бойынша жарыс ұйымдастырылды.