Ертай ауылдық кітапханасында ауыл жастарымен діни кездесу жасалды. Шарада «Құлбайымбет» мешітінің молдасы Нұржан Есалиев «Жат ағым - ғасыр дерті» турасында уағыз айтты.
Ертай ауылдық кітапханасында ауыл жастарымен діни кездесу жасалды. Шарада «Құлбайымбет» мешітінің молдасы Нұржан Есалиев «Жат ағым - ғасыр дерті» турасында уағыз айтты.
Бауыржан Момышұлы ауылдық Шерхан Мұртаза атындағы мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен «Жуалы» мешітінің имамы Әбдірұлы Сейітқазықажы дөңгелек үстел өткізді.
"Әулие ата" мешітінің наиб имамы Сухроб Миркасымов мешіт жамағатына ҚМДБ тарапынан бекітілген пәтуаларды орыс тілінде жеткізді.
Қордай ауданы «Қордай» орталық мешітінде жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Келген кісілерге мешітіміздің ұстазы Жұмабайұлы Зейне уағыз насихат айтып, азық-түліктер таратылды. Көмек алған жандар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
"Әбу Бәкір" мешітінде теолог, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы Сержан Қарсыбайұлымен жүздесу болды. Білікті маман жамағатқа "Мемелекеттің діни ұстанымы және діни мәселерді шешу жолдары" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Рақыш ата" мешітінің имамы Нұрлан Жұмашбекұлы мектеп оқушыларымен кездесіп, "Қауіпсіз болашақ" тақырыбында насихат айтты.