Қордай ауданының әкімі Бекзат Сейсенқұлұлы Республикадағы жалғыз, Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйін» зиярат етті. Кездесуге әкім орынбасары Дамира Маратқызы, Ішкі саясат басшысы Мадияр Қарабаев пен Сортөбе ауылдық округының әкімі де қатысты. Келген қонақтарға ауданның бас имамы «Имамдар үйінің» тыныс-тіршілігін таныстырды.
«Имамдар үйінде» имамдарға арналған мерзімдік сауат ашу курстары мен семинар-жиналыстар, деструктивты жат ағымдардан сақтандыру жолдары мен өзге ұлт имамдарына қазақ тілі курстары өтілуде.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі