#Қордай: Қария умраға аттанды!

#Қордай: Қария умраға аттанды!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің молдасы Саламат Сәлімұлы мен мешіт жамағаты, ақсақал қарияны умра қажылығына шығарып салды. Алланың разылығы үшін жақсылықта жарысқан мешіт жамағаттары қадірлі қарияға жол шығындарына жұмсауы үшін қаражат жинап, ауылдың бірлігі мен ынтымақ нышанын көрсетті. Ақсақал өзінің алғысын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп дұға қылды.

Қажылық  - Исламдағы бес парыздың бірі. Ол туралы Алла Тағала былай дейді: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар.» ( «Бақара» сүресі ). Ардақты Пайғамбарымыз ( с.ғ.с. ) «Кімде-кім Алла Тағала ризашылығы үшін қажылық  жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан  сақтанса анасынан туылғандай пәк болып қайтады»,- деген.

 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: