Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітіне жаңа кілем төселді. Сауапты амалға ауыл ел-ағалары, батагөй ақсақалдар мен ауыл тұрғындары ат салысты. Мешіт молдасы Саламат Сәлімұлы сауапты іске белсенділік танытқан жандарға ыстық лебізін білдіріп, алғысын айтты.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Солар тақуалар, женілдікте де және қиындықта да Алла разылығы үшін жұмсайтындар, ашуын ұстайтындар және адамдарды кешіретіндер. Алла жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді»,- деген. («Әл-Имран» сүресі)
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі