- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 747
#Меркі ауданы: «Судың да сұрауы бар»
Меркі ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері қасиетті жұма күні «Судың да сұрауы бар» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Меркі ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері қасиетті жұма күні «Судың да сұрауы бар» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде қасиетті жұма күні «Берекелі жұма» науқаны өтті. Аудан бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні ауданға қарасты 3 отбасыға азық-түліктей көмек берілді.
Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі әкімшілігінде ауыл ақсақалдары мен тұрғындары және мешіт қызметкерлері қатысқан жиын өтті.
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің жанынан жамағатқа арналған «Хадистану курсы» ашылды. Аталған хадистану курсы аудандық орталық мешіттер жанынан да ашылуда.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жәнібекұлы Луговой ауылдық әскери горнизонның қызметкерлеріне «Дәстүрдің құндылығын» насихаттады. Ауданның бас имамымен кездесуге 40 қа жуық әскери қызметкер қатысып, дәстүрдің құндылығын білді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылы «Ақыртөбе» мешітінің имамы Батыр Нұрпейсов әкімшілікте «Діні қуатты елдің іргесі берік» тақырыбында насихат қылып, ақпараттық түсіндіру жұмысын жасады.