#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жәнібекұлы Луговой ауылдық әскери горнизонның қызметкерлеріне «Дәстүрдің құндылығын» насихаттады. Ауданның бас имамымен кездесуге 40 қа жуық әскери қызметкер қатысып, дәстүрдің құндылығын білді.

Сұлтаншәріп қажы өз сөзінің бірінде: «Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – Ислам дінінен бастау алған. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті тұрғысынан төрімізден ойып орын алды. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.

Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүріне берік болған елдің қоғамдық қатынастарының қалыптасуы, дамуы, өзгеруі оң нәтиже береді. Ел болу дегеніміз тек мемлекеттің әлеуметтік гүлденуі ғана емес, елдік сананы қалыптастыру және рухани тазалыққа мән берумен келеді», - деп баяндап өтті.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: