#Меркі ауданы: "Берекелі жұма" науқаны өтті

#Меркі ауданы: "Берекелі жұма" науқаны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде қасиетті жұма күні «Берекелі жұма» науқаны өтті. Аудан бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні ауданға қарасты 3 отбасыға азық-түліктей көмек берілді.

Атап айтсақ, күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, шекер, макарон, пияз, картоп, сәбіз және т.б. азық түліктер таратылды.

Көмек алған отбасылар осы игі іске демеушілік еткен және атсалысқан барша азаматтарға өз ықыластарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Алла Тағала басқаларға қарайласып жүрген бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, кәсіптеріне, отбасыларына береке берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: