Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің жанынан жамағатқа арналған «Хадистану курсы» ашылды. Аталған хадистану курсы аудандық орталық мешіттер жанынан да ашылуда.
Хадистану ілімінің негіздерін терең түсініп, хадиске деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту. Хадис саласында кең көлемде білім алуды ғана емес, сонымен қатар білімді күнделікті өмірде іс жүзінде қолдану мақсатында ашылған курсқа қатыса алады.
Хадис ілімі мұсылмандардың дұрыс дүниетанымы мен мінез-құлқын қалыптастырудың негізгі элементіне айналады, олардың рухани тәжірибесін байытады, сондай-ақ моральдық-этикалық шешімдер қабылдауда сенімді басшылық қызметін атқарады. Мұның бәрі тұлғаның дамуына, қоғамдағы келісімге және ислам құндылықтарымен рухани байланысты нығайтуға ықпал етеді. Ханафи мәзһабының фиқһ үкімдеріне қатысты хадистерді түсіну.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі