Жаңажол ауылы "Күнтубаба" мешітінің молдасы Берік Әуесбаевтың ұйымдастыруымен 8 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылыққа жалпы 80 000 теңге қаражат жұмсалды.
Жаңажол ауылы "Күнтубаба" мешітінің молдасы Берік Әуесбаевтың ұйымдастыруымен 8 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылыққа жалпы 80 000 теңге қаражат жұмсалды.
Рамазан өзіне тән тағат-ғибадаттарымен, талап-шарттарымен ерекшеленеді. Қасиетті ай бойы атқарылатын осындай құлшылықтың бірі – тарауық намазы. Осыған орай "Алло такси" ұжымы тарауық намазынан соң жамағатты тегін үйіне жеткізу міндетін алды.
Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылады.
Жиенбет ауылы "Жиенбет" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен ауыл балалары арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Жиенбет ауылы "Жиенбет" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйытқы болуымен 5 үйге 5 себет азық-түлік жеткізілді. Сонымен қатар баласы науқас отбасыға 100 000 теңге қаржылай көмек табысталды.
Шу қалалық "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлы "Төле би" мешітінің жамағатымен жүздесті. Тарауыққа жиналған жамағат Аят имамның өсиетін ұйып тыңдап, жылы лебіздерін білдірді.