Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекесі де, кешірімі мол ай. Барша үмметтің асыға күткен Құран айы да келіп жетіп, жұртшылық ауыз бекітуде. Рамазан – тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт.
Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекесі де, кешірімі мол ай. Барша үмметтің асыға күткен Құран айы да келіп жетіп, жұртшылық ауыз бекітуде. Рамазан – тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт.
«Бір ұмра келесі ұмраға дейінгі аралықта жасалатын күнәларды өшіреді. Қабыл болған қажылықтың қарымы тек жаннат қана». «Қажылық жасаушылар мен ұмраға барғандар – Алланың сыйлы қонақтары. Егер бұлар тілек тілесе, Алла тілектерін қабыл алады, күнәларына кешірім сұраса, күнәларын кешіреді».
Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің апалары мен жамағатының ұйымдастыруымен әйелдер қауымына ауызашар берілді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Түзелбеков тарауық намазына келген жамағатқа арнайы «тегін такси» қызметін ұйымдастырды. Намаздан қайтатын жасы үлкен ата–апаларға бұл қызмет өте тиімді әрі пайдалы болды.
Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылы «Қорағаты» мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы ауылда өткен «Қош келдің, Әз-наурыз» мәдени іс-шарасына қатысып, басы қасында боп, ұлттық дәстүрдің дамуына үлес қосты.
Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің ұстазы Ғалия Байтөреева Наурыз мерекесіне жайылған дастархан басында әйелдер жамағатына уағыз айтты.