Шу қалалық "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлы "Төле би" мешітінің жамағатымен жүздесті. Тарауыққа жиналған жамағат Аят имамның өсиетін ұйып тыңдап, жылы лебіздерін білдірді.
Ниеттің маңыздылығы, рамазандағы уақытты тиімді пайдалану, тақуалыққа нәпсіні тәрбиелеу жайлы насихатын айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Туркиядан келген Хусейн қаримен танысқан Аят Дыбысұлы көпшілікке батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


11 Тамыз 2026
26 Сафар 1448

