- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1427
#Сарысу: Ауданда жаңа мешіт ашылды
Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Шығанақ ауылында мешіт ашылды. Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев құлшылық үйінің салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келіп бас муфтидің құтықтауын жеткізіп, халықты бірлікке ынтымаққа шақырды. Мешіттің ашылуына Сарысу ауданының бас имамы Айбек Каримбаев және Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов қатысты.


11 Тамыз 2026
26 Сафар 1448
