- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 713
#Жуалы мешітінде ауызашар берілді
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, "Жуалы" мешітінің имамы Әбдірұлы Сейітқазы қажы мешіт жамағаттарымен ауызашар ұйымдастырды.
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, "Жуалы" мешітінің имамы Әбдірұлы Сейітқазы қажы мешіт жамағаттарымен ауызашар ұйымдастырды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінің имамы Кенжехан Өксіпбайұлының ұйымдастыруымен «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты ақсақалдарға арналған семинар өтті.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және мешіт жанынан құралған әжелер алқасы қатысты.
Жамбыл облысы, Сарыс аудандық мешітінің наиб имамы Молдаханов Нұртілеу Сарысу аудандық өрт сөндіру қызметкерлерімен «діни экстремизм мен терроризм» туралы тақырыпта кездесу болды. Ораза жайлы сұрақ жауаптар қойылды.
Тараз қаласы “Қарабай ата” мешітінің имамына рамазан себеті тарту етілді. Шаһардың бас имамы Ержан Аманбаевтың ұйымдастыруымен көпбалалы имамдарға қасиетті айда сыйлық жасау тапсырмасы қолға алынған болатын.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы аясында қасиетті рамазан айында "30 күнге 30 баспана" жобасымен Тараз қаласында 18-ші баспана табысталды. Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев "Әл Хафиз" мешітінің имамы Жалын Рапыққа қызметтік үйдің кілтін тарту етті.