#Байзақ: «ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және мешіт жанынан құралған әжелер алқасы қатысты.

         Қанат Әділханұлы: «Биылғы жылды ҚМДБ «Ислам және дәстүр құңдылықтары жылы» деп жариялаған болатын. Дәстүрлі ұлттық тәрбиеде «Қызға қырық үйден тыйым», – деген тәмсіл бар. Бұл қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт жауапты екендігін білдіреді. Қызды тыйып ұстау – оны  барлық нәрседен қағу емес, тәрбиелі, ибалы, инабатты болып өсуіне жол ашу. Бұл ретте қызды қырық үйден, тіпті, қара күңнен де тыю қажеттігі алға тартылады.

«Қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тыйым» жасау халқымыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергендігін көрсетеді. Ата-бабаларымыз бүтін бір ауыл болып ұйып, жас өспірімнің тәрбиесін қадағалап, оларға жол көрсетіп, ақыл айтып, бағыттап отыруды парыз санаған. Қыздың тәрбиесі – бүкіл бір ұлттың тәрбиесі, деп білген. «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi», «Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без», деп, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке баулып отырған. Дүние есігін ашып, ес білген шағынан ата-ананы, үлкенді сыйлау керектігін үйреткен.

Халқымыз «қыз – қонақ»  деп, төрінен орын беріп, бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай, тыйым сөздермен, ақыл-парасатпен тәрбиелеп өсірген. Өйткені, қыз – ертеңгі ана. Сондықтан бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіріп, отбасының ұрыс-керіс, жанжалын да көрсетпей, бөлекше қараған. 
Қызды гүлге теңеп, оны сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi деп білген. Иманжүзді, әдепті ұлды “Қыз мінезді жігіт екен”, – деп қызға теңеп жататынымыз да сондықтан.

Халқымыздың ауыз әдебиетінде:

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап,  сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, – деген өлең жолдары кездеседі.

 

Бұдан қыздың айрықша әдепті, көрікті болуы керек екенін аңғарамыз»,-деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: