Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы аясында қасиетті рамазан айында "30 күнге 30 баспана" жобасымен Тараз қаласында 18-ші баспана табысталды.
Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев "Әл Хафиз" мешітінің имамы Жалын Рапыққа қызметтік үйдің кілтін тарту етті. Жас маманға құттықтауын айтып, қызметіне береке тіледі. Үйдің лентасын қиып, үлкендер бата берді.
Тараз қалалық орталық "Әулие ата" мешіті