- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 944
#Тараз: Қасиетті шағбан айы аталып өтті
Тараз қаласы «Ар рахман Ар рахим» мешітінің әйел қыздар секторының ұстазы Зора Айдарованың ұйымдастырыуымен шағбан айына арнап іс шара өткізді.
Тараз қаласы «Ар рахман Ар рахим» мешітінің әйел қыздар секторының ұстазы Зора Айдарованың ұйымдастырыуымен шағбан айына арнап іс шара өткізді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылдық «ән-Нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафильбекұлының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы жайылды. Дастархан басында мешіт жамағатына «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Маденұлы адамзатқа параллелді әлем – жындар әлемін сөз етті.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен Шағбан айының құрметіне орталық мешітте ауызашар дастарханы жайылды. Дастархан басында Республикалық ақпараттық насихат тобынының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бірінші наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы мешіт жамағатына насихат айтты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы жамағатқа «Шағбан айының берекесі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде танымал ұстаз РАНТ мүшесі Нұрәлі Бақытұлы дүние есігін Аянат Арманқызының есімін дәстүрге сай құлағына азан шақырып қойды.
Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық мешітінің имамы Нұргелді Рахметілдаевтің ұйытқы болуымен ауыл жастары футболдан ашық турнир өткізді. Спорттық жарысқа ауыл жастарымен қатар мешіт жамағаты да қатысты. Жарыс жеңімпаздарына яғни, алғашқы 3 орынға мақтау қағазы мен қомақты қаржы табысталды.