#Байзақ: АУЫЛ ИМАМЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

#Байзақ: АУЫЛ ИМАМЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылдық «Диқан» мешітінің имамы Досмырза Алашбаев ауылдық №2 орта мектебінің мәжіліс залында ата-аналармен кездесіп, «Ізгіліктің жолын ұстану – ата-баба салты» тақырыбында насихат айтты.

Ауыл имамы насихатында: «Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім-болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.  Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата-бабамыздан қалған қазынаның бірі салт-дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт-дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін негізге алуға тиіспіз», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: