- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 899
#Мойынқұм: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ КӨККЕ ШЫҚТЫ
Мойынқұм аудандық мешіт жамағаты табиғат аясына көкке шығып, таза ауамен тынысталды. Табиғат қай кезде де болмасын адам жанына тыныштық ұялататын бірден бір орын екендігі белгілі.
Мойынқұм аудандық мешіт жамағаты табиғат аясына көкке шығып, таза ауамен тынысталды. Табиғат қай кезде де болмасын адам жанына тыныштық ұялататын бірден бір орын екендігі белгілі.
"Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы мен мешіт шәкірттері Тараз қаласы маңындағы балабақша алаңына 130 түп, сонымен қатар "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің қыздар білім алып жатқан Айша бибі ауылындағы "Бейбіт" ата ғимаратының маңына 30 түп жеміс тал, түрлі гүлдерді отырғызды.
"Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері бұрындары мешітте дәріс алып, тұрақты жамағат болған қария әжелерімізді зиярат етіп барды. Апалар қарттық салдарынан мешітке келе алмай үйде отырып қалған болатын.
Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық "Бірлік" мешітінің алды заманға сай үлгіде шатырмен жабылды. Мешіт шатырының жабылуы тікелей мектеп бітірген түлектердің атсалысып, демеушілік жасауларымен іске асты.
Мойынқұм аудандық меншіт айналасына гүлдер егіліп, абаттандыру жұмыстары жасалды. Мешіттің айналасы жасыл желекті болса мешіткеде көрік беріп әрі келіп кететін адамдарғада жақсы көңіл күй сыйлайтыны белгілі.
Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешіт жастары ауыл тұрғындарына түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген азаматқа дәмді тәттілерді сыйға берді.