- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 706
#Мойынқұм: БАТА БЕРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында "Дін мен дәстүр" аясында ақсақалдар өзара бата беру сайысын өткізді.
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында "Дін мен дәстүр" аясында ақсақалдар өзара бата беру сайысын өткізді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен облыс деңгейде «Адамзаттың асыл тәжі» атты білім сайысы өтті. Сайыста Байзақ, Меркі, Қордай, Тұрар Рысқұлов және Тараз қаласы мешіттерінің жамағаттары бақ сынасты.
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған Әділбек Әділет Қанатұлын еске алу күніне арналған Байзақ ауданы Бурыл ауылында кіші футболдан ашық турнир өтті.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған "Жаназа" семинары өтті. Шараны сектор жетекшісі Жазира Иманалиева мен Жібек Қолағұлова жүргізді.
Мойынқұм ауыл тұрғындары жиналып тасаттық берді, яғни Алладан жауын сұрау мақсатында жиналып ғибадат рәсімдерін өткізу. Тасаттық рәсімін аудан имамы Р. Еспенбетов атқарды.
Дәстүрлі дініміз бойынша тазалықтың адам өмірінде алар орны ерекше. Күнделікті асымыздың таза болуы, бойымыздың тазалығы, тұрғылықты жеріміздің тазалығы, киім тазалығы, қоршаған ортамызды таза сақтауымыз, тұтынған дүниеміз бен ниеттің тазалығы, жүректің ақтығы, тапқан табыстың адалдығы – бәрі де салауатты өмір салты мен баянды тіршіліктің негізін құрайды.