Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Жолың болсын, жас түлек!» шарасына қатысып, Арқалық қаласының мектеп бітіруші түлектеріне насихат айтты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай өңіріне жұмыс сапары барысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға баспана кілтін табыс етті.
Бүгін Шымкент қаласында «Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінің ашылу рәсімі өтті. Игі іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Қазан қаласында ұйымдастырылған «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумы аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал стандарттау және сертификаттау саласындағы шет елдік әріптестермен кездесу өткізді.
Осы аптада Ливия елінің Бенғази қаласында Құран Кәрімді жатқа оқудан XII Халықаралық байқауы басталды. Он екі күнге созылатын байқауға еліміздің атынан Абдулғани Мирболатұлы қатысуда.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі медресе-колледж студенттері арасында өткен республикалық олимпиада қорытындыланды. Білім жарысының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.