БАС МҮФТИ ИОРДАН ЖЕРІНДЕГІ САХАБАЛАРҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ИОРДАН ЖЕРІНДЕГІ САХАБАЛАРҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Иордан Хашимит Корольдігінің Умм Кайс қаласында болды.

Мұнда келудегі мақсат сахабаларға зиярат жасау еді. Бас мүфти ең алдымен Алла Елшісі сүйіспеншілік танытқан әйгілі ғалым сахаба Муаз ибн Жәббалдың қабірін зиярат етіп, Құран аяттарын бағыштады. Кейін Меккеде дүниеге келіп, Иордан топырағында дүние салған, тірісінде жәннатпен сүйіншіленген 10 сахабаның бірі болған Әбу Убайда ибн Жаррахтың қабірін зиярат етті. Делегация мүшелері дұға жасап, Құран оқыды.

Сондай-ақ атақты жауынгер сахаба Дирар ибн әл-Азуар қабіріне де зиярат жасалды. Осы сапар барысында Ярмук шайқасы болған мекенге де зиярат етті. Деректерге қарағанда Иордан аймағына 40 мыңға жуық сахаба келгені айтылады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: