ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте жұма уағызын айтты.

«Иманның 7 шарты» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Иманның жеті шартының ең әуелгісі – Алла Тағалаға иман келтіру. «Алла деген ар болмас, Хақтың жолы тар болмас», – деп Бұқар жырау айтпақшы, Алла Тағала сөзсіз хақ, күмәнсіз ақиқат. Жаратушымыз қасиетті Құранда: «Рас Мен Алламын. Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан маған құлшылық ет», – деп бұйырған («Таһа» сүресі, 14-аят).

Жалпы иман сөзі «ә-мә-нә» етістігінен шығып, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағынаны береді. Шариғаттағы мағынасы – ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаладан жеткен нақты үкімдерді растап, ешбір күмәнсіз қабыл ету әрі бұлардың хақтығына шын көңілмен сену» деді.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы жамағатпен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: