ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы республикалық Әбу Ханифа атындағы медіресе шәкірттеріне дәріс берді.

Бас мүфти түлектерге үкім берудің, пәтуа шығарудың қыр-сырын тәптіштеп түсіндірді. Сонымен қатар, уағыз айтуда мән берер жайттарға да тоқталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ұшы-қиыры жоқ тасты сахараның ортасында өз бойының жартысынан келетін қоржын арқалаған (оның ішінде азық-түлігі бар), жанұясынан жырақта қаңғып жүрген кішкентай бала табылды деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми өкілдері. 4 жасар Марван БҰҰ-ның көк жейделі көмек көрсетуші қызметкерлеріне кездейсоқ кезігіп қалған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Пью орталығы жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, 2030 жылға қарай Мексикада мұсылмандардың қарасы 126 000 адамға жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш  2010 жылы 111 000 адамды құрағанын болатын.

Мексикада бес ғасыр бойы католиктер үстемдік етіп келген еді. Әйтсе де, олардың қатары сиреп, 96,7 пайыздан 82,7 пайызға дейін кеміген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тарихта тұңғыш рет «Ислам әлеміндегі ғылымда көзге түскен әйелдердің топ-20» тізімі «Мұсылман және ғылым» журналында жарық көрді. Олар – ислам әлемінің елеусіздеу кейіпкерлері. Алайда, олардың ислам әлемінің ғылымы мен инновациясына қосқан үлесі зор.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Брунейде көп ұзамай халал тағам өнімдерінің құрамында дінімізде тыйым салынған қоспалардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдық пайда болады. Аталмыш құрылғы биыл шілде айында Бруней-Даруссаалям атты ғылыми орталық ашылғаннан кейін пайдалануға беріліп, іске қосылады.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп және шикізат ресурстары министрлігі Анггрек Десадағы жоғары технологиялы халал зертханасы болатын ғимаратты жөндеуден өткізуде. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Осымен төртінші рет қолға алынған Sharjah Light Festival Біріккен Араб Әмірліктерінің 12 қаласында өтуде.

Ақпан айының 6-нан басталған көз жауын алған айтулы шара бүгін аяқталады. Аталмыш шара Шарж шаһарын биыл ислам мәдениетінің астанасына айналдыру мақсатында өтіп жатыр.  Осы мерекеге орай акцияға атсалысқан барлық елдімекен тоғыз тәулік бойы түнгі оттары жарқыраған ертегідегі қаланы көз алдыңызға әкеліп, нұрға малынды.