Әлемде қанша босқын бар?

Әлемде қанша босқын бар?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем бойынша елдегі азаматтық соғыстан көрші елдерге бау сағалаған сириялық босқындардың қарасы көп. 2011 жылдың наурыз айынан бері осы елден 2,56 млн адам бас ауған жаққа кеткен. 

Сонымен қатар, палестиналық босқындардың да қарасы көп екенін айта кету керек. Палестиналық 5 млн-нан аса адам Израилдің басқыншылығынан бас сауғалаған екен. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша, ауғандықтар осынау тізімде көш бастап тұр. Бұл елден шамамен 3 млн адам босып кеткен.

БҰҰ-ның босқыындар ісі жөніндегі басқармасының мәліметіне қарағанда, Сирияда 130 мыңнан аса адам опат болған. Оның 10 мыңын балалар құрайды. Осы жылдың соңына таман сириялық босқындардың қарасы 4 млн-ға жетуі мүмкін. 

Олардың дені көрші жатқан Ливан, Иордания, Түркия, Ирак және Мысыр елдерін паналаған. 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: