Мысырдың мұсылман ғалымдары інжілде баяндалатын хикаяның негізінде түсірілген Нұх пайғамбар (р.а.) туралы фильмді сынға алды.
Бюджеті 125 млн долларды құраған аталмыш фильмде Нұх пайғамбар (р.а.) ақырзаманды сәуегейлікпен көріп-біліп, отбасын топан судан құтқарудың қамына кіріседі. Белгілі болғандай, бұл картина үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында эфирге шығады.
Ғұламалар пайғамбарды кино қаһарманына айналдырғаны үшін режиссер Даррен Аронофскиді айыптады.
Ислам ғалымдарының айтуынша, ол пайғамбарлардың бейнесін бұрмалап, ақтап алуға келмейтін ағаттыққа жол берген. Сондай-ақ, актер қанша жерден талантты болса, олар пайғамбарлардың бейнесін дәл аша алмайды. Сол себепті, бұрмалаушылыққа жол беретін көрінеді. Өйткені, пайғамбарлардың көркем мінезі, жүріс-тұрысы, болмыс-бітімі, арман-аңсары, мұрат-мақсаты әдеттегі жұрттан бөлек.
Әлемге әйгілі әл-Азһар ғалымдары да аталмыш картинаға сын айтты. Тек сын айтып қана қоймай, кезектен тыс шұғыл мәжіліс өткізіп, кинотеатрларды сотқа беруді жөн көрген.
Естеріңізде болса, мұндай дау-дамай осыдан он жыл бұрын, яғни, 2004 жылы көрерменге жол тартқан «Христостың ынтазарлығы» (Страсти Христовы) фильмі төңірегінде де тұтанған болатын.
muslim.kz