150 млн жыл толған динозавр қаңқасы – Дубайда

150 млн жыл толған динозавр қаңқасы – Дубайда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубай қаласының The Dubai Mall сауда орталығында 150 млн жыл толған динозавр қаңқасы қойылды. 90 пайызы динозаврдың өз қаңқасы. Миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен алып жануарлардың диплокод тұқымдастарына жататын түрінің қаңқасы мамандардың маңдай терімен құрастырылып, жұртшылықтың назарына ұсынылды. Ұзындығы 24,4 метрге жететін, ал биіктігі 7 метрге жетеқабыл жәдігер үшін осы сауда орталығының қожайыны – Emaar компаниясы миллиондаған долларға шығындалған екен.

Компания ұзақ жылдар бойы осы жобаны жүзеге асыруға күш жұмсағанын да айта кету керек. Аталмыш сауда орталығының әкімшілігі динозаврға жақсы ат ойлап тапқандарға жүлде тіккенін де жасырмады. Бағы жанып, жеңімпаз атанған адам  АҚШ-тың Universal Studios Orlando саябағын төрт ккүн қатарынан аралапуға мүмкіндік алады.

Бір айта кетерлігі, Dubai Mall – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі адам көп баратын сауда орталықтарының бірі. Бұл сөзімізге өткен жылы аталмыш сауда орталығына 75 млн-ға жуық адам келгені дәлел бола алады. 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: