Мысыр елінің Пәтуалар жөніндегі кеңесі (Дар әл-ифта) телефон арқылы қиылған неке жайлы пәтуа шығарды. Кеңесі шешімі бойынша, жұбайлардың физикалық түрде неке рәсіміне қатыспай некелесуі зина жасағанмен бірдей болып саналмақ.

Париждің Bataclan концерт залында болған лаңкестік актіден 112 адам көз жұмды. Бұл туралы CNN телеарнасы Франция үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Bnews.kz.
Жамбыл облысы Талас ауданында екі қолсыз дүниеге келген әйел тігін шебері болып өз кәсібін ашты. «…Менің қолымнан бәрі келеді,” – деді Таразда «Анар» ЖК басқаратын 37 жасар әйел Анар Бексұлтанова.
Интернет кеңістігінде әлем мұсылмандары зорлық-зомбылық терроризміне қарсы наразылық белгісі ретінде «Менің атымнан емес» акциясын іске қосты.
Ресей Мемлекеттік думасының қаржылық нарық жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Дмитрий Савельев ислам елдерінде кең қолданысқа ие сақтандыру жүйесін ел аумағында дамытуға бағытталған заң жобасын әзірледі. Құжат келесі аптада парламентке ұсынылады.
Мәскеулік «Локомотив» футбол клубының белді ойыншысы сенегалдық Омар Ньяссе ислам дінін өзінің өмірлік қорғанышы санайтынын мәлім етті. Әр күнін таң намазымен бастайтын спортшы әрдайым өзімен бірге жайнамазын алып жүреді, деп жазады Islamreview.