Түркия республикасы Анталья қаласында ұйымдастырылған «Үлкен жиырмалықтың» президенттерінің G20 саммитінде Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясы королі Салман бен Әбдел Әзиз кездесті, деп хабарлайды Kremlin.ru.
Айта кету керек, бұл В.Путиннің Сауд Арабиясы патшасымен ағашқы кездесуі. Кездесудегі келіссөздер негізінен Сириядағы жағдайларды ретке келтіру мәселелері және Ресей мен Сауд Арабиясының екі жақты қатынасын нығайту төңірегінде болмақ.
Ал екі күнге жалғасқан G20 саммиті лаңкестікпен күрес, босқындар дағдарысы, халықаралық қаржы институттарының реформалары және басқа да күн тәртібіндегі түйткілді мәселелерін талқыға салды.