Екі қолсыз туған, барлығын аяғымен жасайтын тараздық әйел өз кәсібін ашып, жұртты таңдандырды (фото)

Екі қолсыз туған, барлығын аяғымен жасайтын тараздық әйел өз кәсібін ашып, жұртты таңдандырды (фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Талас ауданында екі қолсыз дүниеге келген әйел тігін шебері болып өз кәсібін ашты. «…Менің қолымнан бәрі келеді”, – деді Таразда «Анар» ЖК басқаратын 37 жасар әйел Анар Бексұлтанова.

Шынымен, тігу, кестелеу, техниканы басқару, сурет салу, әзірлеу, кез келген үй шаруасымен айналысу оған еш қиындық тудырмайды. Сонымен қатар ол екі қыз тәрбиелеп отыр, суреттерінің көрмесін өткізіп тұрады, өз ісін ашып, әйелдерге жұмыс орнын ашуда.

Мұның бәрін жасап отырған Анар Бексұлтанованың туғаннан бері екі қол жоқ, бұл жұмыстың барлығын ол аяғымен жасап үйренген.

«Талас ауданында, үлкен, тату отбасында дүниеге келдім, жеті баланың бесіншісімін. Анам маған жүкті кезінде қатты ауырған екен, сондықтан да осы диагнозбен тудым. Ауылда 11 жылдық бітірдім. Төрт қабырғаға қамалып қалуды жөн санамадым, мектепке бардым, сүйіспеншілікке бөленіп, толыққанды отбасыда дүниеге келдім. Сондықтан да өзімді бақытты сезінемін», – дейді Анар Бексұлтанова.

Оны кез келген уақытта дәріс оқуға, таныстырылым ұйымдастыруға, түрлі тақырыптар (Жеңістің 70 жылдығы, ҚХА 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы) бойынша көшпелі көрмелер ұйымдастыруға шақырады.

Үш жыл бұрын Анар барлық жинағын іске салып, тапсырыстарға орай тігін тігумен айналыса бастады.

«Тауар сатып алу үшін Бішкекке барамын. Өз үйім бар, әпкеммен, қыздарыммен үйдің бір бөлігінде тұрамыз, бір бөлігін шеберхана қылдық. Алла қаласа, қосымша ғимарат, қойма салу жоспарымызда бар. «Дамудан» алған 3 миллион теңгеге екі өнеркәсіптік машина, бір тұрмыстық, бір компьютерлендірілген тігін машинасын сатып алдым,» – деді ол.

2

3

1

4

5

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: