Біз бұған дейін АҚШ-та белгісіз бұзақылардың қастандығына ұшыраған мешітке қолындағы бар жиған қаражатын сыйға тартқан 7 жасар бала туралы жазған болатынбыз. Джек Свонсон есімді үлкен жүректі балақайға қатысты жаңалық легі жалғасын табуда.
Біз бұған дейін АҚШ-та белгісіз бұзақылардың қастандығына ұшыраған мешітке қолындағы бар жиған қаражатын сыйға тартқан 7 жасар бала туралы жазған болатынбыз. Джек Свонсон есімді үлкен жүректі балақайға қатысты жаңалық легі жалғасын табуда.
«PEW» тәжірибе орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Еуропада мұсылмандар саны 44 миллионға жеткен. Еуропа одағының өзінде 19 миллион. Мұсылмандар ең көп тұратын мемлекет Ресей болып есептеледі. Онда жалпы халық санының 10%-ын құрайтын 14 миллион мұсылман өмір сүреді.
Біріккен Араб Әмірлігінде әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің филиалы ашылатын болады. Жобаны жан-жақты талқылаған әл-Азһар шейхы Ахмед ат-Тайиб пен БАӘ-нің Уақып және Ислам істері ұйымының президенті Мұхаммед Матар екі жақты келісімге қол қойды.
Бағдадтың Аш-Шуджаийе елді мекенінде жүргізілген қазба жұмыстары барысында Осман империясы уақытында қолданыста ие болған көне тиын табылды. Бұл туралы сәулетші Нихад Әл-Муғани хабарлады.
Осы күні әлем халқы небір таңғажайып құбылыстарды көре көре таңқалудан қалып барады. Мәселен, өмір бойы өзен-көлді көрмек түгілі ішерге су таппай отырған Сауд Арабия елінің тұрғындары ел аумағынан бұлақтың жаңа көзі ашылғанын көріп таңданыстарын жасыра алар емес.
Джерба аралында өз тарихына тән көптеген мешіттер салынған. Бұл қатарда елдің қауіпсіздігін қорғау мақсатында қамал ретінде тұрғызылған құлшылық үйлері де болған көрінеді.