Индонезия сән әлемінің астанасына айналады

Индонезия сән әлемінің астанасына айналады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезия мұсылман қыз-келіншектеріне арналған сәнді киімнің 2020 жылға дейінгі  астанасы аталуға лайықты. Бұл туралы елдің шағын және орта бизнесті дамыту министрі Эмилия Суйгами мәлім етті.

Министр Индонезиядағы ислам мәдениеті заманауи, толерантты, жариялылық, мәдени саналуандылық қағидаттарын үйлестіре дамып отырғанын атап айтты. Осындай факторлар Индонезияның мәдениет көшін бастауына жол ашады деген сенім білдірді Э.Суйгами.

Айта кету керек, Индонезия бүгінде мұсылмандар ең көп шоғырланған ел саналады. Республиканың 250 млн халқы болса, оның 85%-ы ислам дінін ұстанады. Ал мұсылманша сәнді киімдер өзінің ыңғайлылығымен, эстетика мен ұяңдығымен қыз-келіншектерге үлкен қуаныш сыйлайды, дейді министр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: