«Форсаж» жұлдызы не үшін арабша киінді?

«Форсаж» жұлдызы не үшін арабша киінді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көпшілікке белгілі «Форсаж» сериялы фильміне түскен америкалық кино жұлдызы Тайриз Гибсон таяуда өзінің жанкүйерлерін тосын киім үлгісімен таң қалдырды.

Біріккен Араб Әмірлігіне ұшар кезде Гибсон араб елдері халқына тән ақ түсті ұзынша киіммен және дәстүрлі араб ер азаматтары киетін бас орағышымен көзге түсті.

«Форсаж» жұлдызы Абу Дабиге «Формула-1» шарасына қатысу үшін арнайы шақыртылған. Белгілі әртіс өзінің киім үлгісіндегі өзгерісті араб халқының дәстүрі мен дініне, мәдениетіне деген құрметпен түсіндірді.

«Егер де сіз бір үйде қонақ болсаңыз, ол отбасыда аяқ киімді шешіп жүру қалыптасқан салт болса, осы қағидаға мойынсұну керек» деді Тайриз Гибсон журналистерге берген сұхбатында. Ол сондай-ақ өзін бұл киімде қолайлы сезінгенін де айтып өтті. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: