- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1519
27-28 бөлім. Қияметтегі үш тұтылу мен түтін
Ақырзаман таяғанда үш үлкен тұтылу орын алатын болады. Біріншісі: Батыста, екіншісі: Шығыста және үшіншісі: Араб түбегінде.
Ақырзаман таяғанда үш үлкен тұтылу орын алатын болады. Біріншісі: Батыста, екіншісі: Шығыста және үшіншісі: Араб түбегінде.
Яжуж бен Мажуж атты екі тайпаның пайда болатындығы жайында аяттар мен хадистерде келтірілген. Алайда бұл қауымның кімдер екені белгісіз.
Егер неге заманның соңына таман басқа пайғамбар емес дәл Ғиса (ғ.с.) келіп Дәжжалды өлтіреді және мұның даналығы неде деген сұрақ туындаса, оған былай жауап беру керек:
Заманның ақырына таман Ғисаның (ғ.с.) келуі Құранда және Сүннетте – тауатур дәрежесіндегі сенімді хадистерде келтірілген әрі бұл Қиямет күнінің үлкен белгілерінің бірі болып табылады.
Ғиса (ғ.с.)орта бойлы, аққұба, әдемі толқынды шашты, кең кеуделі, жаңа туған айдай нұрлы жүзді болатын әрі оның шашы құлағының сырғалығына дейін жетіп тұратын.
Дәжжал пайда болып, Жер бетінде зор бүлік басталған кезде Дамаскінің шығыс жақ ақ мұнарасына Алла Тағала көктен Ғисаны (ғ.с.) түсіреді. Ол Дәжжалмен соғыспақ болған топты қолдау үшін түсіріледі. Ол намаз басталардың алдында келіп, имамның артында тұрып намаз оқиды.