- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1240
21 бөлім. Дәжжал: Оның қазасы
Дәжжал пайда болғанда, Жер бетінің көп бөлігі оның қол астына қарайтын болады, ал иман келтіргендер одан және оның соңынан ергендерден шыққан сасық иістен қашып қасиетті жерлерге қарай бет алады.
Дәжжал пайда болғанда, Жер бетінің көп бөлігі оның қол астына қарайтын болады, ал иман келтіргендер одан және оның соңынан ергендерден шыққан сасық иістен қашып қасиетті жерлерге қарай бет алады.
Дәжжал Құранда атымен аталмаған, ғалымдар оның себептерін түсіндіруге тырысып көрген. Құранда Яжуж бен Мажуж келтірілген, бұл да сондай бүлік әрі Қиямет күнінің белгісі ғой.
Алла Елшісі (ﷺ) өз үмбетін Дәжжалдан келер зор бүліктен қорғану амалдарынсыз қалдырмаған. Сондықтан хадистерде осы бүліктен қорғануға арналған кеңестерді кездестіреміз.
Дәжжал жасайтын кереметтерге келер болсақ, Ибн Касир келтіргендей, кейбір ғалымдар, дәлірегінде, әт-Тахауи мен Ибн Хазм сияқты имамдар оның кереметтерін иллюзиядан туындаған, шындығында болмайтын дүниелер деп санаған. Мутазилиттер де солай деп ойлайды.
Хадистердің бірінде Фатима бинт Кейс Дәжжал Шығыстағы Хорасан деген жердегі Асбахан яһудилерінен пайда болады деп келтірген.
Сахабалардың арасында бұл адам Дәжжал ретінде белгілі болған әрі бәрі оған елестердің көрінетінін айтқанда Пайғамбарымыз (ﷺ) оны білгісі келіп, сынамақ болады.