- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 335
АМАНАТҚА БЕРІК БОЛ!
Аманат сөзі уақытша берілген нәрсеге иелік етіп, қызғыштай қорып, өзінің негізгі иесіне қайтаруды білдіреді. Аманат – адамның бойындағы ең асыл қасиет. Халқымыз «Аманат – молшылық әкеледі, қиянат – кедейлік әкеледі» – деген. Яғни аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады. Аманаттың түрі көп. Ең үлкен аманат адамның – жаны. Бұрынғы абыз бабаларымыз: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келген кезде қайтарамын» деп бекер айтпаса керек[1].


03 Қазан 2026
20 Раби-сани 1448
