Қасиетті Рамазан – рухани жаңғыру мен мейірім айы!

Қасиетті Рамазан – рухани жаңғыру мен мейірім айы!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барлық мақтау мен мадақ он сегіз мың ғаламның Жалғыз Иесі бір Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у) Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

Ислам әлемі асыға күтетін қасиетті Рамазан айы – мұсылман баласының рухани тұрғыдан кемелденіп, жүрек тазалығына ұмтылатын ерекше кезеңі. Бұл ай – сабыр мен шүкірдің, кешірім мен мейірімнің, ізгілік пен қайырымдылықтың айы. Рамазан – тек ораза ұстау ғана емес, ол – нәпсіні тәрбиелеу, жан дүниені тазарту, Жаратушыға жақындай түсу мүмкіндігі.

Рамазанның маңызы

Қасиетті Құран Кәрім дәл осы айда түсе бастаған. Сондықтан Рамазан – Құран айы. Мұсылмандар бұл уақытта Құран оқуға, оны түсінуге, ғибрат алуға ерекше көңіл бөледі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Рамазан айында жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылатынын жеткізген.

 Ораза ұстау – ислам дінінің бес парызының бірі. Таң сәріден күн батқанға дейін ішіп-жеуден тыйылу арқылы адам сабырлыққа, төзімділікке, қанағатшылдыққа үйренеді. Сонымен қатар, аштықтың мәнін сезіну арқылы мұқтаж жандардың жағдайын түсініп, қайырымдылық жасауға ұмтылады.

 Рухани тәрбие және көркем мінез

Рамазан – мінез-құлықты түзейтін ай. Бұл уақытта мұсылман адам тек ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөзден, өсек-аяңнан, реніш пен ашудан да тыйылуы тиіс. Өйткені оразаның мәні – тақуалыққа жету.

 Тарауих намазы – Рамазан айының айрықша ғибадаттарының бірі. Кешкі құптан намазынан кейін оқылатын бұл намаз жамағаттың бірлігін арттырып, мешіттердің рухани тынысын жандандырады. Құлшылыққа жиналған жамағаттың жүзінен имандылық пен сабырдың нұры байқалады.

 Келіп жеткен Қасиетті Рамазан айы баршамызға береке, бірлік және мол сауап әкелсін. Ұлы Жаратушы Раббымыз осы айдағы барша ізгі амалдарымызды қабыл алғай !

Ахат Қайыпбергенұлы

Әбдірашит ата мешітінің имамы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: