- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 13925
Күллі Ислам әлемі асыға күткен ұлық мереке - Құрбан айт мерекесі де күн санап жақындап келеді. Алдағы қазан айының 15 күні басталатын қасиетті Құрбан айт 3-4 күнге жалғасады. Бұл күндері мұсылмандар құрбан шалып, садақа таратады, ғибадат жасап, бір-біріне қонаққа барып, құттықтайды. Араб тілінде «құрбан» сөзінің мағынасы «жақындау» дегенге саяды. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде мал шалу. Ал «айт» сөзінің аудармасы «мейрам» деген мағына білдіреді. Сол себеппен Құрбан айт мейрамы мұсылмандардың сол күндері Алла Тағаланың кешіріміне, ризашылығына, мейіріміне ең жақын болатын күндер. Және сол күндері Алла Тағаланың нәсібімен елдің бірлігі күшейіп, өзара бауырластықтары артады. Адамдардың иманы күшейеді.
Мына жалған дүниеде кез келген пенденің басына талай қиындықтар мен қайғылы жағдайлар келетіні хақ. Өйткені, өмірде қуаныш пен қайғы егіз төлдей қатар жүреді. Бұл - өмірдің өзіндік заңдылығы да. Себебі, өмір атты қиын жол сындарлы сынақтардан тұрады.
Сондықтан, Аллаһ Тағала кей кездері басымызға қуанышты да, қайғыны да бере отырып, біздерді ауыр сынақтардан өткізеді. Ұлы Жаратушы Құран Кәрімде: «Сөзсіз сендерді қорқынышпен, аштықпен және де малды, жанды әрі жемістерді азайту арқылы сынаймыз, алайда сабыр етушілерді сүйіншіле!» («Бақара» сүресі, 155-аят) дей келе адам баласын әртүрлі қиындықтармен сынайтындығын баяндайды.
Ақыл табиғаты
«Құран Кәрімдегі Хыжыр сүресінің 28-29 аяттарына назар салсақ, Аллаһу Тағала: «Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан адам жаратамын», (28) - дей келе, «Оған жаратылысын тәмамдап, Рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар», (29) - деді.
Және Ағраф сүресінің 172 аятында: «Сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да, өздеріне куә етіп, - Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе? - (дегенде) олар, - Әрине куәміз, - деген». Ислам ғылымында бұл куәлікті дүниеге келетін бүкіл адам баласы рухтарының бір-біріне берген «Әлмисақ» уәдесі деген түсінік бар.
Адамзаттың таңдаулысы (с.а.с.) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатын. Баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретін. Туыла салысымен мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтын. Айталық, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған[1]. Бұл оның сәби жынысына сай түсті таңдағанын білдірсе керек.
Діни сауатсыздық және дұрыс пен бұрыс мидай араласқан қазіргі жағдайда бұл ағымдар ниеттері дұрыс мұсылмандардың адасуына, теріс жолға түсуіне себепкер болуда. Сәләфилік XIII ғасырдан бастау алған ағымдардың бірі.
Бұл ағымның көзқарастары, жетекшілері, оларға тағылған сындар өз алдына бөлек тақырыптар. Біз бұл мақалада оның негізгі ұғым-терминдеріне тоқталып, қысқа түрде тұжырымдамалар береміз.
Кімдер сәләф деп аталады?