Онлайн-конференция дін саласын қозғады

Онлайн-конференция дін саласын қозғады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті мен «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау мақсатында облыстық бейне-конференция өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев спикер ретінде шақырылып, конференция қатысушыларына баяндамасын жасап өтті. Дін маманы сонымен қатар еліміздегі дін саласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды атап көрсетті. Іс-шара барысында Е.Аманбаев халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне кез келген дін өкілі немесе кез келген ұлт өкілдерінің барлығына барынша сыпайы, жұмсақ сөйлеп қызмет көрсеткендіктері абзал екендігін тілге тиек етті.

Конференция барысында қатысушылардың ұсыныс, тілектерін тыңдалып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап қайтарылды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: