Имам құқық қорғау қызметкерлерімен кездесті

Имам құқық қорғау қызметкерлерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отан баршамызға ортақ қасиетті мекен болғандықтан отанның тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтау - әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Ішкі істер бөлімі, өрт сөндіру, аудандық прокуратура  қызметкерлерімен кездесіп, діни ахуал жайында ақпараттық насихат жұмысын жүргізіп, "дін және мемлекеттік қызмет пен заң" тақырыбында семинар өткізді.

Кездесу барысында маман дәстүрлі ислам мен теріс ағым жайында кеңінен түсіндіре келе, айырмашылықтарына тоқталды. Әтүрлі ағымдардың шығуы мен қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Ал жиын соңында тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: