Құмшағал тұрғындары дін маманымен кеңесті.

Құмшағал тұрғындары дін маманымен кеңесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы»  КММ-нің әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде Құмшағал шағын алқабында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында кезекті жиын өтті.

«Деструктивті діндерге балалардың тартылуын алдын алу», «Ғаламтор және жастар» тақырыбын көтерген кездесуге ата-аналар, ауыл тұрғындары, жұмыссыздар, жастар қатысты. Аталған қатысушыларға тақырыптық дәрістер ұйымдастырылып, іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев арнайы барып қайтты.

Маман дін саласында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер кездесуге қатысушыларға үйлестірілді.

Ержан Маханұлы дәстүрлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті.

Шара соңында бірлестік тарапынан кездесу қатысушыларына салаунама парақшалары таратылып, дін саласына байланысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлері алынды. «Алдағы уақытта аталмыш ұсыныс-пікірлер сараланып, мемлекеттік орган басшыларына жолданатын болады,» - дейді ұйымдастырушылар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: