Әйелдер жамағатына арналған семинар-тренинг өтті.

Әйелдер жамағатына арналған семинар-тренинг өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының инспектор-психологы Ляззат Мырзашова Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Әйелдер-кыздар» секторымен бірлесе отырып, мешітке келуші әйелдер жамағатына «Бала бақыты» такырыбында тренинг өткізді.

Бұл тренингтің максаты - үйдегі бала тәрбиесіне мән беру және келешек ұрпақты діннің атын жамылған жат ағымдардан сақтандыру.

Шараға катысушы мешіттегі сауат ашу курсының шәкірттері тарапынан тренинг барысында еліміздің дінге қатысты заңы төңірегінде көптеген сурақтар қойылып, психолог маманның тұшымды жауаптары тыңдалды.

Жиын соңында «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова Дін істері басқармасынан келген маманға алғысын жеткізіп, келесі тренингтерге қатысты ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: