Құрбан айт мүбарак болсын!

Құрбан айт мүбарак болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде құрбан айт мерекесі аталып өтті. «Құрбан айт мүбарак болсын!» жазулы баннерлер мешіттің алдына ілініп, құрбан айтпен құттықтау қағаздары ақсақалдарға таратылды.

«Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизов пен наиб имам Айбек Каримбаев таң намазынан айт намазына дейін «құрбан айт» жайлы уағыз-насихат жүргізді. Айт намазына шамамен 1000 адам келіп қатысты. Мешітте аудан басшыларына арналып дастархан жайылды.

Сонымен қатар айт намазынан кейін арқан тарту, күрес, гір тасын көтеру сынды спорттық ойындар өткізілді. Жеңімпаздарға Байзақ баба мешітінің атынан алғыс хаттар, медальдар мен ақшалай жүлделер табысталды.

Күрес бойынша 1 орынға 10 000 теңге және кілем, 2 орынға 10 000 теңге, 3 орынға 7 000 теңге, 4 орынға 5000 теңге берілді. Жалпы барлығына 95 000 теңге жұмсалды.

«Байзақ баба» мешітінде 2 ірі қара және 7 қой құбандыққа шалынды. Олардың еттерін тұрмысы төмен 88 отбасыға таратып берді. 

Байзақ ауданы 



ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: