Тараз шаһары айт намазымен нұрға бөленді

Тараз шаһары айт намазымен нұрға бөленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таң нұр кірпігін қаққан сәтте Тараз шаһарының мешіттері Аллаға мадақ, қасиетті Құрманмен дала тыныштығын нұрға бөледі. Өйткені, бүгін исі мұсылман жұртшылық үшін Алла Тағаланың өзі бекіткен ұлық мереке. Алыс-жақынмен арқа жарқа болып, ынтымақ пен бірлік арта түсетін ерекше күн мешіттегі айт намазымен басталатыны баршаға аян.

Жамбыл облысының жүрегі болған орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналған халық қарасы мол. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев жамағатты айтулы мерекемен құттықтап, оның ерекшелігі мен қасиеті жайлы тілге тиек етті. Құрбандық шалу туралы уағыз жүргізіп, дүйім жұртты намазға ұйытты. Намаздан соң құтпа оқылып, Құран аяттары оқылды. Мешіттен шыққан көпшілікке дәм татар дастархан жайылып, ел айттауды Алла үйінен бастап кетті. Ал, зиялы қауым өкілдері мешітте арнайы дайындалған айт дастарханында бас қосты. Мереке құрбандық шалумен жалғасын тапты.

Бұқара халық мешіт ауласында ұйымдастырылған ұлттық спорттық ойындарда бақ сынап, білекті азаматтар өз өнерін ортаға салды. Арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қол күрес пен асық ату бойынша өткен додада жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталған мереке мен құрбан малын шалу рәсімі 3 күнге жалғасын таппақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: