Республикалық ауызашарға 10 мың адам қатысты (ВИДЕО)

Республикалық ауызашарға 10 мың адам қатысты (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Татарстан астанасы Қазан қаласында республикалық ауызашар осымен бесінші жыл қатарынан өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық ауызашар 10 мың адамға арналған. Биыл «Қазан-Арена» стадионының бос болмауына байланысты ауқымды шара Қазан теннис академиясы алаңында ұйымдастырылды.

Ауызашар қонақтары қалалық мешіттерден арнайы автобустар арқылы жеткізілді. Ал ауызашар дастарқанына шамамен 1,3 тонна ет, 600 кг күріш және 3 тонна көкөніс жұмсалған. Шараға ТР Мұсылмандары діни басқармасы басшылары, мүфти Камил Самигуллин, республиканың бұрынғы президенті Минтимер Шаймиев және қазіргі басшысы Рустам Минниханов, президент аппаратының жетекшісі Асғат Сафаров, Қазан мэрі Ильсур Метшин, Бұлғар ислам академиясы ректоры міндетін атқарушы Камил Исхақов қатысты.

Мұсылман халқының дәстүрлі ауызашарына қонақ ретінде Қазан метрополиті, Татарстан Феофаны және Татарстан, Қазан бас раввині де шақырылды. Назарларыңызға биылғы және былтыр "Қазан-Арена" стадионында өткен ауызашар бейнежазбасын ұсынамыз.  

 Қазан теннис академиясы алаңы – 2017 жыл  "Қазан-Арена" стадионы – 2016 жыл 

Kazislam.kz 


«Адамдардың ауыз ашуды кешіктірмеуімен амандыққа кенелуі жалғасады. Ауыз ашуды кешіктірмеңдер! Себебі, яһудилер ауыз ашуды кешіктіретін еді». Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Ибн Мажәһ риуаят етті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: