БАӘ: Мешітке Иса пайғамбар анасының есімі берілді

БАӘ: Мешітке Иса пайғамбар анасының есімі берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Абу-Даби қаласындағы мешітке Иса пайғамбар анасы Мәриям есімі берілді.

Абу-Даби мұрагер ханзадасы, БАӘ Қарулы күштері жоғары бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бин Зайед әл-Нахайанның пікірінше, бұл шешім дінаралық татулықты нығайтады.

Ханзаданың бұл бастамасына бірқатар мемлекеттік, діни қайраткерлер, оның ішінде әмірліктің Тағаттылық мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Лубна әл-Касими мен Ислам істері және садақа бойынша бас әкімшілік төрағасы Мұхаммед Маттар әл-Кааби ризалық білдіріп, алғыстарын айтты.

Министр өз сөзінде «БАӘ әрқашан елдегі барлық тұрғындар арасында әділдік пен бауырлыққа негізделген төзімділік пен мейірімділіктің нығаюына мүдделі» деп атап кетті.

ummet.kz


Айша (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы он күнін мешітте өткізетін және ол: «Қадір түнін Рамазанның соңғы он түнінің ішінде күтіңдер», - дейтін (Бұхари, Муслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: