Неге шетелдіктер БАӘ-де исламды қабылдайды?

Неге шетелдіктер БАӘ-де исламды қабылдайды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен араб әмірлігінде тұратын шетелдік адамдар өз өмірлерінде ислам дінінің алар орны жайында әңгімелеп берді. Үнділік Хамида 2013 жылы Ислам дінін қабылдап, христиан күйеуін хақ дінге шақырған. «Мен әмірлікте 1999 жылдан бері тұрып келемін.

Азан үні мен жұма хұтбасын тыңдағанды қатты ұнатамын. Бұған дейін шіркеулерде барып тұратынмын. Бір күні мен әріптесіммен бірге мешітке елдім» деген ол ислам дінінің жүрегіне жақын екенін сезінген. Осылайша ислам дінін қабылдап, мұсылман болады. Келесі әмірлік тұрғыны Омар 2014 жылы ислам дінін қабылдаған. Бұрын үндістер сенімін ұстанған.

Ол Құран Кәрім, Інжіл және буддалық кітаптарды екі жыл қатарынан зерттеп оқыған. Нәтижесінде, ислам дініне бет бұрады. Шығу тегі украиналық бүгінде әмірлік тұрғыны (есімін атамаған) мұсылман еліне көшіп келгеннен кейін мұндағы ислам дінін ұстанатын халықтың жаппай құлшылық жасайтыны, діни сенімге беріктігі еріксіз өзін тартқан. Бұл көрініс оны қызықтырып, ислам дінін Дубай діни ведомствосы арқылы қабылдайды.

 Kazislam.kz 


«Ораза кезінде кім өтірік айтуын және өтірікті амалға асыруын тоқтатпайтын болса, ондай адамның тамағы мен сусынынан бас тартқанының Алла үшін қажеті жоқ» (Бұхари).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: