Сәрсенбі күні ирандық әйелдер тек ақ хиджап қана киеді. Неге?

Сәрсенбі күні ирандық әйелдер тек ақ хиджап қана киеді. Неге?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ирандық әйелдер елде қалыптасқан жаңсақ ұғым мен міндетті дресс-кодқа қарсы наразылық білдірудің бейбіт жолын тапқан. Міне, осымен төртінші апта болды, қоғамдық орындарды тек бірыңғай қара жамылмай, бастарына әр сәрсенбіде ақ жаулық тартып алады.

"Негізі бұл науқан саналы түрде шариғат шәлісін жамылатын, бірақ, оны өзгелерге күштеп таңуға қарсы әйелдерге бағытталған. Ақ киіну арқылы мәжбүрлеуге қарсы екенін көрсетеді",- деді аталмыш бастаманы көтерген Мәсіх Алинеджад.

Осынау акцияға қатысқан, дәлірегі, 83 жастағы қарт әженің ақ жаулық салынғаны жұрттың назарын өзіне аударды. Оның айтуынша, 1936 жылы Реза-хан шаһ ирандық әйелдерге шариғат шәлісін тағып жүруге тыйым салғанда ирандық әйелдер оның бұл жарлығына қарсы шыққан еді.

Ал қазіргі уақытта хиджап бүркенуге мәжбүрлеген тұста да ирандық әйелдер мұндай күштеп таңуға қарсы екенін осылай жеткізіп отыр. Ирандық әже жастардың аза тұтқандай бастан-аяқ қара жамылып алмау керектігін айтып отыр.

Әйел адамның саналы түрде бүркенгені керек - оның діни мағынасын түсініп. Мемлекеттің нұсқауымен емес. Бұл жайында Newsweek ақпарат көзі хабар таратты. 

 islam.kz


«Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын жақсылықта болады» (Бұхари, Муслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: